МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған азаматтар медициналық көрсетілімдер және дәрігердің жолдамасы болған жағдайда күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек ала алады. Көрсетілетін қызметтердің тізімі диагнозға және емдеудің клиникалық хаттамаларына байланысты.
✅ Күндізгі стационарда қолжетімді қызметтер:
• бейінді мамандардың консультациялары;
• диагностикалық тексерулер;
• инфузиялық терапия (тамшылатып дәрі енгізу);
• инъекциялар және басқа да емдік процедуралар;
• медицина қызметкерлерінің бақылауы.
Жолдама алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге жүгініңіз.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебеңізді тексеріп, денсаулығыңызды дер кезінде бақылауда ұстаңыз💙

