Сақтандырылған мәртебесі бар азаматтар МӘМС аясында бейінді дәрігерлердің кеңесін алып, қажетті диагностикалық тексерулерден өте алады. Сондай-ақ жоспарлы емдеу, операциялар мен медициналық оңалту қызметтері қолжетімді.
Егер азамат әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) немесе шұғыл (E) деңгейге жатса, сондай-ақ ресми жұмыссыз ретінде тіркелсе, оның МӘМС жарналары бюджет есебінен төленеді. Сондықтан мәртебеңізді мерзімді түрде тексеріп, емханаға тіркелгеніңізге көз жеткізген жөн.
Бұл қажет болған жағдайда медициналық көмекті уақытылы әрі кедергісіз алуға мүмкіндік береді.
