Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру және оны қалай алуға болатыны туралы сұрақтар келіп түседі.Айта кетейік, «Сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде – келіп түскен төлемдер негізінде, оның ішінде жеңілдік санатындағы азаматтар үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан түсетін төлемдер негізінде беріледі.Төлемдер Мемлекеттік корпорация өңдегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Қорға түседі. Сондықтан мәртебеңізді ауырмай тұрып бақылауда ұстау қажет.❗️Есіңізде болсын: «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлемдер болған жағдайда сақталады.Бір айға төлем жасалмаса, Сіз «сақтандырылған» мәртебесінен айырылып, МӘМС аясында медициналық көмекті дер кезінде алу мүмкіндігін жоғалтасыз.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру және оны қалай алуға болатыны туралы сұрақтар келіп түседі.
- by admin
