Бүгін бүкіл әлем спорт пен жоғары жетістіктер күнін атап өтуде. Дәл осы ерекше әрі айтулы күні біздің перзентханамызда да үлкен қуаныш орын алды! Өмір есігін жаңа ашқан кішкентай шақалақтарымыз бен олардың аяулы аналарын осынау айтулы мерекемен ерекше құттықтадық.
Әрбір сәби – өмірдің ең үлкен жеңісі!
Осыған орай, бүгін босанған аналарымызға ақ тілекпен бірге арнайы мерекелік сыйлықтар табыстап, жүздеріне күлкі, көңілдеріне қуаныш сыйладық. Алғашқы сәттен-ақ чемпиондық энергиямен дүниеге келген кішкентай батырларымыз бен ханшайымдарымыздың болашағы жарқын болсын!
Кішкентай чемпиондарымыз өмір жолында биік белестерді оңай бағындырып, еліміздің мақтанышына айналсын!
Жаңадан ана атанған аруларымыздың денсаулығы мықты, отбасылары аман, сәбилерінің күлкісі үйлерін нұрға бөлесін.
Еліміздің көк туын желбіретер болашақ Олимпиада чемпиондары аман-есен өсе берсін!
