Skip to content

Сақтандырылмаған азаматтарға қандай медициналық қызметтер қолжетімді?

  • by

Егер сіздің МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, бұл соңғы 12 ай ішінде медициналық сақтандыру жарналарының тұрақты төленбегенін немесе сіз үшін аударымдардың жүргізілмегенін білдіреді.

Дегенмен, сақтандыру мәртебесі болмаса да, сіз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында бірқатар медициналық қызметтерді ала аласыз.
✅ Сақтандырылмаған азаматтарға қолжетімді қызметтер:
* жедел медициналық жәрдем;
* санитариялық авиация қызметтері;
* бастапқы медициналық-санитариялық көмек (учаскелік дәрігердің, педиатрдың, жалпы практика дәрігерінің қабылдауы);
* өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезінде көрсетілетін шұғыл стационарлық көмек;
* әлеуметтік мәні бар аурулар мен жұқпалы ауруларды емдеу;
* әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтер.

❌ Сақтандырылмаған азаматтарға қолжетімсіз қызметтер:
* жоспарлы стационарлық ем;
* жоспарлы операциялар;
* бейінді мамандардың консультацияларының басым бөлігі;
* МӘМС пакетіне кіретін консультациялық-диагностикалық қызметтер;
* медициналық оңалту және басқа да сақтандыру пакеті аясындағы қыз�

Бөлісу/Поделиться: