Skip to content

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

  • by

Қалалық перзентхананың дәрігер акушер-гинекологы Ағабекова Назира Болатқызы – жоғары санатты акушер-гинеколог, өз ісінің білікті маманы.

​✨ Медицина саласындағы 17 жылдық еңбек жолында әйелдер денсаулығын қорғауға, ана мен бала саулығын сақтауға зор үлес қосып келеді. Кәсіби шеберлігі, жоғары жауапкершілігі мен ізгі адамгершілік қасиеттерінің арқасында әріптестерінің зор құрметіне, пациенттерінің шексіз сеніміне ие болған дәрігер. ❤️

​🌱 Назира Болатқызы өзінің мол тәжірибесін күнделікті жұмысында тиімді қолданып, заманауи медициналық әдістерді шебер меңгерген, жоғары кәсіби деңгейдегі маман ретінде танылған. Ол әрбір ана мен нәрестеге ерекше ықыласпен қарап, өзінің мейірімділігі мен жанашырлығы арқылы көптеген жандардың алғысына бөленіп келеді.

Бөлісу/Поделиться: