Жүктілік – әр әйелдің өміріндегі ең ғажайып әрі жауапты кезең. Қалалық перзентхананың диагностикалық бөлімшесі сізге және дүниеге келер сәбиіңізге кешенді тексерулер ұсынады:
✅ Заманауи аппараттармен диагностика: Ұрықтың УДЗ-і, қан айналымын тексеретін Доплерометрия және баланың жүрек соғысын бақылайтын КТГ (кардиотокография).
✅ Қауіпі жоғары топтағы жүкті әйелдердің денсаулығын бақылау, акушер-гинеколог және генетик дәрігерлердің кеңесі, тактикасын және босандыру әдісі мен деңгейін анықтау.
✅ Ерекше қолдау мен кеңес: тұқым қуалайтын аурулардың алдын алатын медициналық генетика және ананың көңіл-күйін бірқалыпты ұстауға көмектесетін медициналық-психологиялық көмек кабинеттері жұмыс істейді.
Тәжірибелі дәрігерлеріміз әрбір анаға ерекше жылулықпен қарайды.
