🏥 Перзентханамызда тағы бір үлкен қуаныш!
Өмірге жаңа қадам басқан кішкентай жүректің соғуы — әрбір отбасы үшін ғана емес, біздің ұжым үшін де ерекше сәт. Бұл — дәрігерлердің, акушерлердің, мейіргерлердің және перзентхананың барлық қызметкерлерінің бірлескен еңбегінің жемісі. Тәулік бойы тыным таппай, әрбір ана мен сәбидің амандығы үшін тер төгетін ақ халатты абзал жандардың кәсібилігі мен мейірімі осындай ақ түйе өркешінен өткендей қуаныштарға ұласып жатады.
Ана мен сәбиге зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз! Ал бүлдіршініміз дені сау, бақытты болып өсіп, ата-анасының мақтанышы, еліміздің елеулі азаматы болсын!
Әрбір сәбидің дүние есігін ашуы — әлемнің жаңа үміті!
