Батыр ана — біздің мақтанышымыз!
Бүгін біздің перзентханамызда ерекше қуанышты әрі маңызды оқиға орын алды. Қаламыздың тұрғыны, аяулы келіншегіміз Мейрамгүл осымен 9-шы перзентін дүниеге әкелді! 😍👶🏻
Перзентханамыздың білікті дәрігерлері мен акушерлері ана мен баланың денсаулығы үшін барын салып, сәтті босандырып алды.
Енді ол 5 қыз бен 4 ұлды тәрбиелеп отырған үлкен, өнегелі отбасының аяулы анасы, нағыз Батыр ана! Шаңырақтың берекесін кіргізіп, демографиямыздың өсуіне үлес қосып отырған Мейрамгүлдің ерлігіне перзентхана ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. 🤲🏼❤️
Дүние есігін жаңа ашқан кішкентай арудың бауы берік болсын! Денсаулығы мықты, өмір жасы ұзақ, елінің мақтанышы болатын азаматша болып өссін. 🌟
