Шымкент қалалық перзентханасында маусым айының үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.
Бұл күн – өмірге жаңа келген әрбір сәбидің шырылдаған үніне куә болып, ана мен баланың денсаулығын басты орынға қоятын мамандардың еңбегін ерекше атап өтетін сәт.
⏱️ Күн сайын жүздеген тағдыр, мыңдаған үміт және өмірдің ең алғашқы шырылы… Иә, мұның бәрі біздің перзентхананың күнделікті тынысы.
Бүгін бізде ерекше күн! Медицина қызметкерлері күніне орай ұжымымызбен бірге салтанатты жиын өткізіп, ерен еңбектің иелерін ұлықтадық.
Ең үздік дәрігерлер
Білікті акушерлер мен медбикелер
Қамқор санитарлар
Осы тұлғалардың барлығы арнайы марапаттар мен Алғыс хаттарға ие болды.
