Skip to content

Жаңа өмірдің бастауында тұрған жандар!

  • by

​Шымкент қалалық перзентханасында маусым айының үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.
​Бұл күн – өмірге жаңа келген әрбір сәбидің шырылдаған үніне куә болып, ана мен баланың денсаулығын басты орынға қоятын мамандардың еңбегін ерекше атап өтетін сәт.
​⏱️ ​Күн сайын жүздеген тағдыр, мыңдаған үміт және өмірдің ең алғашқы шырылы… Иә, мұның бәрі біздің перзентхананың күнделікті тынысы.
​Бүгін бізде ерекше күн! Медицина қызметкерлері күніне орай ұжымымызбен бірге салтанатты жиын өткізіп, ерен еңбектің иелерін ұлықтадық.
​Ең үздік дәрігерлер
​Білікті акушерлер мен медбикелер
​Қамқор санитарлар
​Осы тұлғалардың барлығы арнайы марапаттар мен Алғыс хаттарға ие болды.

Бөлісу/Поделиться: