Қалалық перзентхананың білікті дәрігері, екінші санатты акушер-гинеколог Джалгасова Жанар Нұржанқызының ерен еңбегін мақтанышпен атап өтеміз! 🏥
Жанар Нұржанқызы 2019 жылдан бастап қалалық перзентханада үзбей қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта жүкті әйелдер патологиясы бөлімінде болашақ аналардың денсаулығын жіті бақылап, ем-дом жүргізуде. 🤰❤️
Медицина саласында 8 жылдық еңбек өтілі бар. 🩺
Әйелдер денсаулығын қорғауға, ана мен бала саулығын сақтауға зор үлес қосып келеді. 🕊️
Кәсібилігі: Өзінің терең білімі мен бай тәжірибесін күнделікті жұмысында тиімді қолданып, емделушілердің ыстық ықыласына бөленіп жүр.🌟
Медицина қызметкерлері күніне орай, Жанар Нұржанқызына зор денсаулық, отбасына баянды бақыт және жауапты да абыройлы еңбек жолында шыңдардан көріне беруін тілейміз! 🚀 Төгілген әрбір теріңіз бен шипалы алақаныңыз үшін алғысымыз шексіз!
