Skip to content

​Ақ халатты абзал жандар — кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

  • by

Қалалық перзентхана ұжымы барша әріптестерді, дәрігерлерді, акушерлер мен медбикелерді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерін Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!💐
​Дүниеге жаңа өмірдің келуіне куә болу, ана мен баланың амандығын күзету — біз үшін тек жұмыс емес, бұл — үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Әрбір сәбидің алғашқы іңгәлаған дауысы мен ананың бақыттан төгілген жасы біздің еңбегіміздің ең үлкен жемісі.
​-Осынау айтулы күні баршаңызға:
​-Сарқылмас күш-жігер мен төзімділік;
​-Әрбір шипалы қолға — береке мен сәттілік;
-Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!
​Еңбектеріңіз еленіп, алғысқа бөлене беріңіздер! Мереке құтты болсын! 🎉🌸

Бөлісу/Поделиться: