4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
Шымкент қалалық перзентхана ұжымы барша отандастарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Көк байрағымыз желбіреген, Әнұранымыз асқақтаған және Елтаңбамыз төрді еңселендірген әрбір шаңырақта тек шаттық пен қуаныш болсын. Біздің перзентханада дүние есігін ашқан әрбір кішкентай бүлдіршін — еліміздің болашағы, Тәуелсіздігіміздің тірегі. Олардың ашық аспан астында, бейбіт елде өсіп-жетілуі біз үшін үлкен бақыт.
Көк туымыз тұғырынан түспей, еліміздің айбыны асқақтай берсін! Мереке құтты болсын! 🎉
