Бөлімде жүкті әйелдер, босанушылар және босанғаннан кейінгі аналар тәулік бойы (24/7) қабылданып, алғашқы медициналық тексеруден өткізіледі. Сондай-ақ, қажетті құжаттар рәсімделіп, әрі қарайғы емдеу және бақылау тактикасы жедел түрде анықталады.
⚙️ Біздің басты қағидаттарымыз:
👩⚕️ Жоғары кәсібилік
⚡ Шұғыл көмек ұйымдастыру
🤝 Жауапкершілік және пациентке деген шынайы жанашырлық
🎯 Әрбір пациентке сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсету, олардың денсаулығы мен жай-күйіне мұқият назар аудару — бөлім қызметінің басты мақсаты болып табылады.
Бөлім меңгерушісі – Қалыбекова Шынар Арыстанбекқызы.
💼 Оның жетекшілігімен тәжірибелі және білікті мамандардан құралған кәсіби команда тәулік бойы қызмет атқарып, ана мен бала денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етуде!
