«Бұл — жаңа өмір басталатын ерекше мекен.
Мұнда әр сәт үмітке, әр минут жауапкершілікке толы.
Перзентхананың босану бөлімшесінде күн сайын ең қымбат ғажайып — жаңа өмір дүниеге келеді.»
«Ана мен баланың қауіпсіздігі — біздің басты міндетіміз.
Тәжірибелі акушер-гинекологтар, анестезиологтар, неонатологтар мен акушерлер тәулік бойы қызмет атқарады.
Әрбір анаға жеке күтім, кәсіби бақылау және жан-жақты қолдау көрсетіледі.»
«Бұл бөлімшеде еңбек ешқашан тоқтамайды.
Күндіз де, түнде де ақ халатты абзал жандар жаңа өмір үшін қызмет етеді.
Олардың мейірімі мен кәсібилігі жүздеген ананың сеніміне айналған.»
